Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша қашықтық олимпиадасының қорытындылары

    2020 жылдың 13-14 қазанында «Қостанай дарыны» Өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 7-10 сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша облыстық қашықтық олимпиадасын өткізді.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 3554 оқушы қатысты.

    Оқушылар арасында ең белсенді 7 сынып атанды – 1207 қатысушылар.

    Ең жоғары белсенділікті Қостанай қаласының (627 қатысушылары), Қостанай ауданының (565 қатысушылары) және Амангелді ауданының (283 қатысушылары) оқушылары көрсетті. Олимпиадаға ең аз қызығушылық танытқан Рудный қаласынан (5 қатысушылары) болды.

    Олимпиаданың жүлдегерлері 719 қатысушы болды, олардың 66-сы 1 - орын, 241 - екінші және 412 үшінші орын алды.

    Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге дипломдар дайындалатын болады.