«Кітап-асыл қазына» атты облыстық оқулар жобасының қорытындысы

     

      

     

    2021 жылдың 05-23 сәуір аралығында «Кітап - асыл қазына» атты кезекті облыстық оқулар жобасы өтті. Бұл жоба жасөспірімдер арасында оқуды насихаттау мақсатында ауылдық жерлерде тұратын  жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі.

    Бұл жолы Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» және Жюль Верннің «Он бес жасар капитан» шығармалары таңдалды.

    Конкурсқа 656 оқушы қатысты, олардың 328-і Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін оқыды, ал 387-сі Жюль Верннің «Он бес жасар капитан» романына қызығушылық танытты.

    Ең сапалы оқулар 201 оқушыда болды. Жобаның дәл сонша қатысушылары ұсынылған шығармалардың үздік әрі ойлы оқырмандарын анықтауға мүмкіндік берген тестілеу қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды.

    Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталады.

    Құттықтаймыз!

     

    ИТОГИ