Балқан математикалық олимпиадасындағы алтын медаль!

    2024 жылғы 27 сәуір мен 2 мамыр аралығында Варна қаласында (Болгария) Балқан математикалық олимпиадасы (ВMO) өтті. BMO – Еуропа елдері ұлттық мектеп олимпиадалары жеңімпаздарының халықаралық жарысы.

    Биылғы олимпиадаға 15 ел қатысты. Оның қатарында Албания, Болгария, Кипр, Черногория, Румыния, Сербия, Әзірбайжан, Италия, Сауд Арабиясы, Қазақстан және басқа да мемлекеттер болды.

    Біздің елдің командасы Алматы, Тараз және Қостанай қалаларынан іріктелген – республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болып табылатын 6 оқушыдан жасақталды, соның бірі – дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Даутов Жан.

    40 ұпайдың 39-ын жинаған Жан Балқан математикалық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды. Бұл оның осы Олимпиададағы үшінші жеңісі және осы оқу жылындағы төртінші алтын медалі, оның 3-еуін халықаралық олимпиадаларда алған. Жанды халықаралық жеңісімен құттықтаймыз!!