«Ауыл мектебінде дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық вебинары
2021 жылдың 29 наурызында «Ауыл мектебінде дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктері» атты облыстық вебинары өтті. Қостанай ауданы Мичурин жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы дарынды балалармен жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Жалпы мектептегі дарынды балалармен жұмыс жүйесі туралы директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.М. Жабагенов айтып берді.
Мектептің дарынды балалармен жұмыс жүйесі «Дарынды балалар» бағдарламасын іске асыруға негізделген, ол 5 кезеңді қамтиды: диагностикалық, оқу, әдістемелік, шығармашылық, кәсіби бағдарлау. Әр кезеңге назар аударылып, дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың түрлері мен бағыттары туралы толық айтылған.
Д.А. Демеева қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен, ал химия және биология сабақтарында - Л.Д. Шоть, мектеп педагогтері бөлісті.
Олардың әрқайсысы жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттағы сабақтарда өздерінің әдістемелік әзірлемелерімен, оқушылармен жұмыс жасаудың түрлері және әдістерімен бөлісті.
Вебинар жұмысына облыстың 8 өңірінен 44 білім беру ұйымдарының, білім бөлімдерінің 98 педагогтері мен әдіскерлері қатысты. Алтынсарин ауданыны мен Б. Майлин ауданының педагогтері аса жоғары белсенділік танытты.
Вебинар материалдары «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтында, видео - арнасында орналастырылады.