«Эссе дағдысын қалыптастыру» курсының онлайн сабағы

    2020 жылғы 17 сәуір күні «Эссе дағдысын қалыптастыру» курсының бірінші онлайн сабағы өтті. Сабақтар мемлекеттік тілде оқытатын білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушыларына, сондай-ақ педагогтерге арналған.

    Курсты Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі жүргізеді.

    Аталған курс, оқудың осы кезеңінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер сабақтарындағы негізгі жұмыстардың бірі болған эссені сауатты жазуды қалыптастыруға бағытталған.

    Сабаққа Қостанай, Лисаков қалаларынан, Алтынсарин ауданынан және Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 32 оқушы мен педагог қосылды.

    Келесі сабақ а.ж. 15 мамыр күні өтеді.