«Білім беру қызметіндегі толықтырылған шындық» вебинары

    2020 жылдың 4 мамыр күні «Білім беру қызметіндегі толықтырылған шындық» вебинары өтті. Вебинар информатикамен айналысатын оқушылар мен педагогтерге арналған.

    Жаттықтырушы - Андрей Александрович Иващенко, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі.

    Вебинар практикалық сипатында өтті. Қатысушылар ARGIN қосымшасымен танысып, аз уақыт ішінде оның негізгі функцияларымен танысты.

    СабаққаҚостанай, Лисаков қ., Әулиекөл, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық аудандарының білім беру ұйымдарынан 36 оқушы мен педагог қатысты.

    Вебинардың екінші бөлімі а.ж. 13 мамырында өтеді.