«І.Жансүгіров оқулары»республикалық конкурсы

     

    2023 жылғы 16-17 мамыр аралығында Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауыонлайн түрде өткізілді.

    «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауына еліміздің барлық өңірлерінен 8-11 сыныптардың 54 оқушысы қатысты. Байқау 3 бағытта өтті:

    • «Ұлы тұлғаға арнау»;
    • «Ілияс қарасөз шебері»;
    • «Ілияс қазақ поэзиясының жыр құлагері».

    «Ілияс қазақ поэзиясының жыр құлагері» номинациясында Қостанай облысының атынан Арқалық қаласының А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы оқушысыБолатбек Аяжан қатысты. Аяжан«Ілияс Жансүгіров оқулары»  республикалық байқауында ІІІ орын алды.

    «Ұлы тұлғаға арнау»бағытында Қостанай облысының намысын Амангелді ауданыА. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысыЖапарова Жанияқорғады және алғыс хатқа ие болды.

    «Ілияс қарасөз шебері» үшінші номинациясында Қостанай облысының атынан Жангелдин ауданының Жангелдин жалпы білім беретін мектебі оқушысы Қабыкен Аружан қатысып алғыс хатқа иеленді.

    Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!