«Qabilet» қызметінің тұғырнамасы және диагностикасымен жұмыс жасау бойынша педагог-психологтерге арналған семинарлар

     

      

     

    «El Úmıtı» жобасын іске асыру мақсатында Қостанай облысының аудан және қала әдіскерлері және педагог-психологтері үшін 2021 жылғы 21 қазаны мен 1 қараша аралығында «Qabilet» қызметінің платформасымен және диагностика әдістемелерімен жұмыс жасау мәселесін түсіндіру бойынша семинарлар ұйымдастырылды.

    Семинарларға білім бөлімдерінің 20 әдіскер-психологтері және 438 педагог-психологтер, оның ішінде 303 ауылдық жерлерден, Қостанай облысының қалаларынан 135 педагог-психологтер қатысты.

    «Qabilet» қызметі оқушылардың қабілеттерін тестілеу мен одан әрі оқыту және кәсіби дамыту бойынша кеңес беруді қамтиды. Тестілеуден сапалы өтуді қамтамасыз ету және семинар барысында кеңес беру үшін қатысушыларға «Qabilet» қызметінің жұмысы бойынша әдістемелік және техникалық ұсынымдар берілді. «Qabilet» қызметінің менеджері Баглан НурлановичАканбаев жобаның мақсаттары мен міндеттерін және тұғырнаманың техникалық құрамдас бөлігін түсіндіре отырып, ал «Qabilet» қызметінің психологіДинара Амандыковна Жумабаева педагог-психологтерді 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың әдістемелерімен таныстырды.

    10-11 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу мына мекенжай бойынша https://qabilet.elbasyacademy.kz/қол жетімді. Колл-орталығының нөмірі - 8 800 080 48 48 (қоңырау соғу тегін).