Қазақстан тарихы пәнінен қашықтық олимпиадасының қорытындысы
2024 жылдың 13-14 қарашасында 7-10 сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 4947 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен – 3120 қатысушы (немесе 63,1 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қаласы (805 оқушы), Рудный қаласы (518 оқушы) және Қостанай ауданы (513 оқушы) болды. Оқушылар арасында ең белсенділері – 9 сынып оқушылары болды (1432 қатысушы).
657 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 120 оқушы І орын, 242 оқушы ІІ және 295 оқушы ІІІ орын алды. Өңірлер арасында Қарасу ауданы (26 %), Жітіқара және Меңдықара аудандарының (23 %) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары дайындалатын болады.