«Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» республикалық эссе байқауының қорытындысы

     

    Ағымдағы жылғы 27 ақпанда өткен «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» республикалық эссе байқауына жалпы білім беретін мектептердің, мамандандырылған білім беру ұйымдарының және республиканың Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9-11 сыныптарының жүзден астам оқушылары қатысты. Байқауды Алматы қаласындағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты ұйымдастырды. Байқау онлайн форматта өтті.

    Біздің облыстың атынан Амангелді ауданы білім бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін мектебінің, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының, Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

    Байқау қорытындысы бойынша Зарина Исламбекова (Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, ұстазы – М.К. Ермағамбетова) ІІ орынды және Эльнура Мұхамбетқали (Амангелді ауданы білім бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін мектебі, ұстазы – Г.М. Құсайынова) ІІІ орынды иеленді.

    Байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз! Оқушыларды байқауға дайындаған мұғалімдерді және жеңімпаздарды құттықтаймыз!