«Qabilet» қызметі Алтынсарин ауданының 10-11 жастағы оқушыларына психологиялық дамыту сабақтарын ұйымдастырды

    Сыни ойлауды, зейінді, есте сақтауды және коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында «QABILET» қызметінің қызметкерлері Б.Н.Ақанбаев пен Д.А. Жұмабаева «Қостанай дарыны» ӨОӘО жоспарына сәйкес 2022 жылғы 13 қазанда «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «QABILET» диагностикасының I кезеңінен өткен 10-11 жастағы 40 оқушыға психологиялық дамыту сабақтарын өткізді.     

    Сабақ мнемотехникаға негізделген, түйсікті кеңейтетін, мағыналы есте сақтау мен зейінді жетілдіруге бағытталған сыни ойлауды дамытуға бағытталған әдістерге толы болды.

    Силантьев ЖББМ-нің 25 білім алушысы үшін бірінші кезең диагностикасы жүргізілді, оның нәтижелерін ата-аналар оқушылардың жеке кабинетіндегі платформадан көре алады.

    Айта кетейік, 5900-ден астам оқушы диагностикадан өтіп, 4К қабілеттерін одан әрі дамыту туралы ұсыныстар алды.

    Диагностикалаудан https://qabilet.elbasyacademy.kz/ платформасында онлайн режимінде өтуге болады.

     

    @doverie_alt.sil

     @alt.sil1