Білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтарына арналған вебинарлар

    Ағымдағы жылдың 20-24 желтоқсан аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарымен бірлесіп, Қостанай облысы білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтары үшін 3 вебинар өткізді.

    20 желтоқсан Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі А.О. Абдрахманова физика пәні бойынша «Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі» сабағын өткізді.

     Сабақ мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің 7-сынып оқушыларына арналған. Қол жетімді түрде мұғалім сабақтың тақырыбын ашты. Интерактивті түрде оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша қызықты тапсырмалар ұсынылды.

    23 желтоқсан «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының мұғалімі физика пәні бойынша «Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі» сабағын өткізді. Осылайша, оқушылар мен педагогтар осы тақырып бойынша материалды бекітуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, түрлі педагогтардың бір тақырыпты ашудың әр түрлі тәсілдерін көруге мүмкіндік  алды.

    24 желтоқсан Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының мұғалімі С. Мусалинов 5-6 сынып оқушыларына физика пәні бойынша 2 сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушыларды физиканы оқуға тарту және қызықтыру, физика пәні бойынша олимпиадалық резервті дайындау.  

    Педагогтарға физикаға арналған әдістемелік оқу құралдары мен жинақтар, шешу құралы ұсынылды, сондай-ақ олимпиадалық есептерді шешу үшін қажетті негізгі физикалық ұғымдармен таныстырды. Сабаққа қатысқан оқушылар есептерді шешуге белсене қатысты.

    Өткізілген вебинарлар мен сабақтарға Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 80 оқушылары мен педагогтары қатысты.

    Сабақтың барлық материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.