«ҚИО жыл мұғалімі» конкурсының қорытындысы

    Қазақстандық интернет-олимпиада порталы «ҚИО жыл мұғалімі» конкурсының қорытындысын шығарды.

    Конкурстың бірінші турына Қазақстанның барлық өңірлерінен-алыс жерлерде орналасқан ауыл мектептерінен бастап, ірі облыстық мамандандырылған гимназияларға дейін - 1600-ден астам мұғалім қатысты. Ережеге сәйкес байқаудың ақтық кезеңіне 10 қатысушы өтті.

    Қостанай педагогтары осы конкурсқа белсенді қатысты. Облыстың 6 педагогы 1 турдың қорытындысы бойынша «ҚИО жыл мұғалімі»  атағы үшін күресін жалғастырды. Оларға олимпиаданың педагогика бойынша сұрақтарына жауап беру ұсынылды.

    3 турға 2 қостанайлық педагог өтті, ақтық турда қатысушыларға стандартты емес тапсырманы орындау – командалық олимпиада үшін 3 метапәндік тапсырманы құрастырукерек болды. Тапсырмаларды бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылды:

    - ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтау;

    - метапәндік интеграция деңгейі;

    - идея тапсырмасында іске асырылатын креативтілік;

    - тапсырма шарттарынмазмұндау қисындылығы;

    - Б.Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейі.

    Барлық қатысушылар қойылған міндетті мерзімінде орындап, әзірленген материалдарды жіберді.

    Жоғарыда көрсетілген критерийлер бойынша міндеттерді тексеріп, Ұйымдастыру комитеті қатысушыларды «QIO JYL USTAZY 2020» кеуде белгілерімен және дипломдармен марапаттау туралы шешім қабылдады.

    Конкурс жеңімпаздары арасында қостанайлық мұғалімдер де бар:

      • Екатерина Адамович – Қостанай ауданы, Тобыл қ. мектеп-гимназиясы,
      • Елена Воробьева – Рудный қаласы, № 4 мектеп-лицейі.

    Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!!! Барлықтарыңызға денсаулық және амандық тілейміз!