Мамандандырылған және инновациялық мектептерпедагогтерінің тамыз кеңесі аясында дарынды балалармен жұмыс бойынша секция мәжілісі

    2022 жылдың 16 тамызында«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысының мамандандырылған және инновациялық мектептерінің педагогтері және дарынды балалармен жұмысқа жетекшілік ететін білім беру бөлімдерінің әдіскерлері үшін дарынды балалармен жұмыс бойынша секциялық отырыс өткізді.

    Секцияныңжұмысы инновациялық тәсілдер мен авторлық бағдарламаларды қолдану арқылы дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған.

    Секцияда Қостанай қаласының А.М. Горький атындағы гимназиясыныңбастауыш сынып мұғалімі Ирина ИвановнаБелицкаяның,Рудный қаласының Б. Майлинатындағы №7 мектеп-гимназиясыныңбастауыш сынып мұғаліміГүлмира Мәлікқызы Қамидың жұмыстары таныстырылды. Ирина Ивановна секция қатысушыларымен бастауыш сыныптардағы сабақтарда ақыл-ой қызметін дамытуға ықпал ететін оқытудың «Блум текшелері», «Кездейсоқ таңдау» текшелері, «Жұпталған текшелер», «Коос текшелері» сынды белсенді тәсілдерімен бөлісті. Гүлмира Мәлікқызы цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың қызығушылығын ояту туралы баяндады.

    Секция жұмысы барысында Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі МухамедрахымоваАйнур Утегеновна «жаңа формациядағы» (немесе «HostLive» Жеңіске алға!) дарынды оқушыларменжұмыс жүргізу әдісін көрсетті.

    «Білім-Инновация»лицей-интернатының педагогіҚ.Б. Бектұрғанов тыңдаушылардың назарынDigital History технологиясы горизонтына аударды.

    Рудный және Лисаков қалаларының педагогтері: Прахнау Виктор Иванович – Лисаков қ. физика пәнінің мұғалімі, Смағұлова Гульжазира Гинятовна – Рудный қ. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқушылардың дарындылығын дамыту бойынша өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

    А.М.Горький атындағы гимназия директорының орынбасары Блохина Дина Рафаиловна әкімшілік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру үшін электрондық платформалар мен интернет-ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті.

    Семинарғабілім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директорлардың орынбасарлары, облыстың инновациялық мектептерінің педагогтері (жалпы16 ауданнан 40 адам) қатысты.

     

    Презентации выступающих