«Prediction and prevention of natural disasters» атты ашық сабағы

     

      

     

    2021 жылдың 20 қазанында «Prediction and prevention of natural disasters» атты тақырыбы бойынша облыстың ағылшын тілі мұғалімдері мен оқушыларына арналған ашық сабақ өтті.

    Сабақты «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының ағылшын тілі мұғалімі Д.К. Хайдарова өткізді.

    Сабақ NEARPOD платформасын қолдана отырып өткізілді, бұл мұғалімге оқушылармен жұмыс жасау үшін әртүрлі тапсырмалар форматын қолдануға мүмкіндік берді: сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, тестілеу, сауалнама және басқалар. Сабақ белсенді жұмыс нысандарын қолдану арқылы өтті.

    Бұл сабақ NEARPOD платформасын пайдалану мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің өзін де көрсетті.

    Сабақтың бейнесін «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.