«Арқаның саңлағы – Бейімбет Майлин» атты педагогикалық оқулар

    2020 жылғы 21 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ және "Рудный қаласы әкімдігі білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" ММ бірлесіп белгілі қазақ жазушысы, ақын, публицист және драматург Бейімбет Майлиннің қызметі мен шығармашылығына арналған "Арқаның саңлағы - Бейімбет Майлин" атты облыстық педагогикалық оқулар өткізді. Педагогикалық оқулар Рудный қаласында Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының базасында өтті.  Ережеге сәйкес педагогтар педагогикалық оқуларға мынадай үш бағыт бойынша қатысуға мүмкіндік алды:

     

    • «Арқаның саңлағы – Бейімбет Майлин» («Ұлы тұлғалар. Б. Майлин – Қостанай саңлағы» атты облыстық сырттай конференциясының қорытындысы бойынша);
    • Сабақты зерттеу бойынша мұғалімдер тәжірибесімен алмасу;
    • Мұғалім мамандығының табыстылығы - қызметті зерттеу үдерісі.

     

    Іс-шараға Жітіқара, Қарабалық, Қостанай, Ұзынкөл аудандарынан, Қостанай, Рудный қалаларынан және дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 40 педагог қатысты.

    Іс-шараның бірінші бөлімінде Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының педагогтары «Бейімбет әлемі» интерактивті алаңдарын, драмалық көріністен үзінді ұсынып, мектеп мұражайымен таныстырды.

    Одан соң қатысушылар үш бағыт бойынша өз жұмыстарын       таныстырды.

    Педагогикалық оқулардың қазылар алқасы ретінде Байтұрсынов атындағы ҚМУ тілдер мен әдебиет кафедрасының доценті Г.К. Журсиналина, «Өрлеу» БАҰО білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға ұстазы Г . Бекмаганбетова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістеме кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Ж.Х. Ташетова шақырылды.

    Педагогикалық оқулар қорытындысы бойынша педагогтар үздік жұмыстары мен белсенді қатысқандары үшін дипломдармен, грамоталармен марапатталды, қалған педагогтарға сертификаттар берілді.