Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2020 жылдың 22-23 желтоқсанында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 7-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық қашықтық олимпиадасын өткізді.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен және дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 1 816 оқушылары қатысты.

    Оқушылар арасында 7 сынып  - 580 қатысушылар ең белсенді болды.

    Ең жоғары белсенділікті Рудный қ. (341 қатысушы), Қостанай қ. (295 қатысушы), Жітіқара ауданының (225 қатысушы) оқушылары көрсетті. Олимпиадаға Әулиекөл және Меңдіқара аудандарының оқушылары аз қызығушылық танытты.

    Олимпиада жүлдегерлері 169 қатысушы атанды, олардан 10 оқушы - 1 орынды, 61 - екінші және 98 -үшінші орынды алды. Ұзынкөл ауданының (34,2 %) және Сарыкөл ауданының (22,6%) қатысушылары неғұрлым сапалы өнер көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификаттарын  алды, ал жүлдегерлерге дипломдар беріледі.

    Итоги