«Өз өлкеміздің тарихи тұлғалары» вебинары

    2020 жылғы 14  мамыр күні «Өз өлкеміздің тарихи тұлғалары» вебинары өтті. Сабақ 9 сынып оқушылары мен тарих пәні мұғалімдеріне арналған.

    Спикері - Айгуль Тулегеновна Тулегенова, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі.

    Қостанай жері өлкеміздің атын шығаруға, қалыптасуы мен дамуына үлкен және баға жетпес үлесін қосқанадамдарға бай. Айгуль Тулегеновна қатысушыларға Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске өз үлесін қосқан азаматтары, және атақты өнер, театр, кино қайраткерлері, ғалымдар, ақындар мен жазушылар туралы еске салды. Олардың есімдері бүкіл елге белгілі: Ш. Уәлиханов, М. Қозыбаев, М. Қарабаев, С.Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Л. Беда, Б. Майлин, С. Көбеев және басқалар.

    Сабақ қазақстандық мүсінші, Қазақ КСР Халық суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Наурузбаев Хакимжан Исмаханұлының өмірі мен шығармашылығына арналды.

    Хакимжан Наурузбаев - біздің жерлесіміз, Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Ол алғашқы кәсіби қазақ мүсіншісі, Қазақстандағы ұлттық монументалдық өнерді алғашқы құрушылардың біріболып табылады.

    Сабаққа Қостанай, Лисаков, Арқалық қалаларынан, Б. Майлин, Әулиекөл, Қамысты, Мендіқара Науырзым аудандары білім беру ұйымдарынан, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 38 оқушы мен педагог қатысты.