«Білім» облыстық олимпиадалық резерв мектебі

    Ауылдық жерлердегі мектептердің оқушыларын тереңдетілген пәндік даярлау және олардың жаратылыстану-математикалық циклі пәндері бойынша облыстық деңгейдегі олимпиадаларда оң нәтижеге қол жеткізуіне ықпалдасу мақсатында а.ж. 31 қазан мен 4 қараша аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Лисаков қаласының ауылдық мектептері мен олимпиадалық резервінің оқушыларына арналған «Білім» облыстық олимпиадалық резерв мектебінде сабақ ұйымдастырды.

    Қостанай қаласының № 2 мектеп-лицейінің базасында 5 күн бойы математика, физика, химия және биология сабақтары өтті. Сабақтың мақсаты – оқушылардың республикалық олимпиадасының кезеңдеріне ауыл оқушыларының қатысу сапасын арттыру.

    Оқушыларды даярлауға № 3 мектеп-гимназиядан, № 2 мектеп-лицейден, физика-математика лицейінен, № 19 жалпы білім беретін мектептен облыстық және республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған облыс мектептерінің үздік педагогтері жұмылдырылды.

    Осы уақыт ішінде балалар тренингтер мен спорттық жарыстарға қатысып, орыс облыстық драма театры қойған «Оны кім біледі?» спектакліне және «МАРТ» сауда-ойын-сауық орталығына барды. Барлық қатысушыларға мектепке қатысу сертификаттары табысталды.

    Облыстық олимпиадалық резерв мектебін ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсеткені, мектеп қатысушыларына тұру және оқу үшін қолайлы жағдай жасағаны үшін Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Қостанай қаласы №2 мектеп-лицейі және «Сказка» ӨК әкімшілігі мен педагогтеріне алғыс білдіреміз.