Информатика пәнінен бірінші он-лайн сабақ

    2020 жылғы 15 сәуір күні облыстың олимпиадалық резерві үшін информатика пәнінен бірінші он-лайн сабақ өтті. Сабақ информатика пәнінен олимпиадаға қатысушылары 7-8 сынып оқушыларына, сондай-ақ олимпиадаға дайындықпен айналысатын педагогтарға арналған.

    Жаттықтырушы - Иващенко Андрей Александрович, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологилар мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі.

    Курстың тақырыбы: «Олимпиадалық бағдарламалау». Сабаққа «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының білім алушылары қатысты, олар онлайн режимде өз дағдыларын көрсетті.

    Сабаққа Қостанай, Лисаков, Рудный, Арқалық қалаларының, Науырзым және Федоров аудандарының білім беру ұййымдарының, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты мен дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 36 оқушысы мен педагогтары қатысты.

    Келесі сабақ а. ж. 20 сәуірінде өтеді.