Орыс тілі мен әдебиетінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

    2023 жылдың 24-25 қаңтарында 7-10 сынып оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиетінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 4420 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 2675 қатысушы (немесе 60,5 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ., (769 оқушы), Рудный қ., (478 оқушы) және Арқалық қ., (369 оқушы) болды. Оқушылар арасында 7-сынып оқушылары ең белсенді болды (1611 қатысушы).

    865 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 168 оқушы І орын, 330 оқушы ІІ және 367 оқушы ІІІ орын алды. Өңірлер арасында Алтынсарин ауданының (72,3 %) және Рудный қаласының (30,1 %) оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары дайындалатын болады.

     

    ИТОГИ