«Әбіш оқулары» республикалық байқауы

    2022 жылғы 10-12 қарашада Ақтау қаласында Республикалық «Әбіш оқулары» өтті. Байқаудың мақсаты – оқушыларды Әбіш Кекілбаевтың рухани мұрасымен таныстыру, оның шығармаларындағы қазақ тілінің әсемдігі мен байлығын көрсету. Республикалық кезеңге 18 облыстан 180 оқушы қатысты.

    Біздің команданың намысын Жангелдин ауданының, Қостанай, Рудный қалаларының оқушылары, сондай-ақ «Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының» оқушылары қорғады.

    «Сахналық қойлым» номинациясында «Рудный қаласы білім бөлімінің Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» оқушылары 3 орын алды.

    Республикалық кезеңнің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.