Республикалық педагогикалық идеялар фестивалінің қорытындысы

     

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді.

    Фестивальдің мақсаты – педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

    Бес бағытта ұйымдастырылған Фестивальға еліміздің барлық өңірлерінен 250 қатысушы директорлар, директордың орынбасарлары, педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты.

    «Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған. Топтық жобалар қарастырылмады, әр қатысушы жұмысын жеке қорғады» - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.

    Педагогтар білім беру процесінің сапасын жақсартуға және жоғарылатуға бағытталған инновациялық идеяларды ұсынды. Әрбір қатысушы өзінің әдістемелік қоржынын жаңа тиімді әдістермен, инновациялық идеялармен, шығармашылық жобалармен толықтырды.

    Қазылар алқасы шешімімен Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды. Оның ішінде I дәрежелі дипломдармен – 18 жеңімпаз, II дәрежелі дипломдармен – 33 жүлдегер, III дәрежелі дипломдармен – 44 педагог, грамоталармен – 56 қатысушы марапатталды.

    Қостанай облысынан облыстық кезеңнің 9 жеңімпаз педагогы қатысты: Алтынсарин ауданы – 1, Қостанай қаласы – 5, ДБМ – 3. I дәрежелі дипломмен Бектұрғанов Қуаныш Берікболатұлының «Digital history: технологиялар көкжиегі» жобасы (Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернаты), II дәрежелі дипломдармен Бауыржан Арғынгелдіұлы Бектасовтың «Ашық аспан астындағы мұражай» идеясы (Қостанай қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ) және Кужубаева Жанат Бергембайқызының «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын оқу-зерттеу қызметі арқылы дамыту» («Қостанай қаласы білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» КММ), ІІІ дәрежелі дипломмен Амиржан Закариевич Жұмабековтің «Telegram-бот инструмент современного педагога, на примере Физикадомаbot» («Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ) атты еңбегі атап өтілді.

    Сондай-ақ, Тоқтамысова Гүлмира Қарасайқызы, Жиенбаева Алена Владимировна, Джайкова Әйгерім Дастанқызы, Байтасова Ботагөз Шаяхметқызы, Досымова Замзагул Мұратбекқызының педагогикалық идеялары грамоталармен және номинациялармен атап өтілді.

    Байқауды ұйымдастырғаны үшін «ДАРЫН» ӨОӘО-ға алғыс білдіреміз және барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!