Әдіскердің бос лауазымына орналасуға конкурс
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 1, анықтама телефондары: 8 (7142) 26-77-09, электрондық пошта kostdaryn@mail.kz лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 151486 теңгеден 182634 теңгеге дейін әдіскердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Функционалдық міндеттері:
Ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметті жүзеге асырады; дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен дамытуды жүзеге асырады; өңірлік және республикалық маңызы бар іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; оқушыларды республикалық олимпиадалар мен конкурстарға сүйемелдейді; ғылыми-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік баспаларға еңбектер жариялайды; бөлім қызметінің бейіні бойынша есепті құжаттаманың уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді; өндірістік қажеттілікке сәйкес өзге де лауазымдық міндеттерді жүзеге асырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог-модератор»: «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек, сондай-ақ: әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу; диагностика жүргізу; педагогтарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау; ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу; ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау; білім беру ұйымы және аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу
2) «педагог-сарапшы»: «педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ: білім беру, демалыс бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, құралдардың әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу; әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру; қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда педагогтарға көмек көрсету;
3) «педагог-зерттеуші»: «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ: қосымша білім беру саласында отандық және әлемдік озық тәжірибені тарату; облыс, республика деңгейінде шеберлік сыныптарын, педагогикалық шеберханаларды, семинарларды ұйымдастыру; жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; қосымша білім беру саласындағы білім беру үдерісі; бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;
4) «педагог-шебер»: «педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ: қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнімді әзірлеу; облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде іс-шараларды ұйымдастыру, қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және әзірлеуге қатысу; қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.
Білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді білу; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі; педагогикалық әдеп нормалары; педагогика және дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына үміткердің толтырылған бағалау парағы.
Құжаттардың біреуінің болмауы үміткерге құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Үміткер болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
15-қосымша
_________________________
Конкурс жариялаған
мемлекеттік орган
________________________________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН
________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын (қажетінің астын сызыңыз)
________________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы |
Оқыту кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_________________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: _______________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар: ________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы,
сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымдарға тағайындау,
лауазымдардан босату
қағидаларына
16-қосымша
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары |
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Жоғары күндізгі = 2 балл |
2. |
Ғылыми/академиялық дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
PHD-доктор = 10 балл |
3. |
Біліктілік санаты |
Жеке куәлік, басқа құжат |
2 санат = 1 балл |
4. |
Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі |
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат |
Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл |
5. |
Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат |
Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) |
Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл |
6. |
Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері |
- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары; |
олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл |
7. |
Әдістемелік қызметі |
-авторлық шығармалары, басылымдары |
ҚР ОАМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл |
8. |
Қоғамдық-педагогикалық қызметі |
Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат |
тәлімгер = 0,5 балл |
9. |
Курсқа дайындық |
- пәндік дайындық сертификаттары; |
ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары |
Барлығы: |
Мемлекеттік білім беру |
|
|
|
Көрсетілетін қызметті алушының шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі
Мен, ______________________________________________ сәйкес мемлекеттік қызмет
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
көрсету үшін қажетті мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес қол жеткізу шектелген дербес деректерге қол жеткізуге келісімімді беремін. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, оған мыналар кіреді:
1) жеке деректерді үшінші тұлғаға беру;
2) дербес деректерді өңдеу барысында трансшекаралық беру;
3) жеке деректерді жалпыға қолжетімді көздерге тарату.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін қажетті басқа да ақпаратты қамтитын қолжетімділігі шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісемін.
Бұл келісім мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алғанға дейінгі бүкіл кезең ішінде жарамды.
________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))