«Ясауитану-2021» республикалық конкурсы

     

      

     

    2021 жылдың 14-15 қазанында Түркістан қаласында 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану-2021» республикалық конкурсы өтті.

    Конкурс қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Яссауидің даналығы мен ілімін дәріптеуге, өскелең ұрпақты Ұлы бабамыздың мұрасын зерделеуге және терең игеруге ынталандыруға ықпал етеді.

    Конкурсқа республиканың 14 облысынан барлығы 30 оқушы қатысты. Конкурсқа Қостанай облысынан Рудный қаласының білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушылары Адебова Нурсила (10 сынып) және Айтмуратова Мулдир (11 сынып) қатысты.

    Конкурс екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар Қожа Ахмет Яссауидің хикметін жатқа айтып, оның еңбектерін қаншалықты білетіндерін анықтады. Екінші кезеңде қатысушылар Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылығына, хикметтердің мәні мен маңызына, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен оның айналасындағы ескерткіштерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

    Республикалық конкурсының қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Айтмуратова Мулдир ІІ орынға ие болып, 75 000 теңге сомасындағы сертификатқа ие болды, 10 сынып оқушысы Адебова Нурсила конкурсқа қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

    Оқушыларымызды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыс тілейміз!