Мектептегі экологиялық тәрбиені ұйымдастыру: тәжірибе, дәстүр, мәселелер» атты облыстық вебинар
2021 жылдың 6 қаңтарында «Мектептегі экологиялық тәрбиені ұйымдастыру: тәжірибе, дәстүр, мәселелер» атты облыстық вебинар өтті. Рудный қ. № 2 гимназиясының педагогтары бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар аясында бастауыш сынып мұғалімдері О.Ю. Нагноенко «Мектептегі экологиялық тәрбиені ұйымдастыру: тәжірибе, дәстүр, мәселелер» сұрағы бойынша сөз қозғады және И.В. Жила мектепте экология бойынша авторлық бағдарламаны пайдалану бойынша тәжірибесін ұсынды.
Рудный қ. № 2 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерімен экологиялық тәрбие бойынша бай материал жинақталған: авторлық бағдарлама, педагогтарға арналған ұсынымдар, жұмыс дәптерлері әзірленген, кіші буын оқушылары үшін сабақтар, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар жинақтары дайындалған.
Вебинар жұмысына білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың 12 өңірінің 22 білім беру ұйымдарынан мектеп педагогтары қатысты (95 адам).
Вебинар материалдары «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасында қолжетімді.