Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ

     

      

    2021 жылдың 3 наурызында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Ж. Алымбаева 9 сынып оқушылары үшін «Әлихан Бөкейхан-ұлт көсемі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

    Сабақты өткізуге «Озат» мектебінің оқушылары белсене қатысты. Сабақ сұрақтан басталды, жауап арқылы оқушылар сабықтың тақырыбын біле алды. Сабақ барысында оқушылар Әлихан Бөкейхановтың тұлғасымен танысып қана қоймай, оның өмірі туралы мәтіндермен жұмыс жасай отырып, сөздік қорын байыта түсті.

    Педагогпен топтарда да, жеке де жұмыс істеу үшін тапсырмалар ұсынылған болатын. Сабақта жұмыс Padlet, app.creately.com, mindmeister.com.  платформаларын қолдана отырып ұйымдастырылды.

    Бейне сабақтарды «Қостанай дарыны»  ӨҒПО арнасынан көруге болады.