7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен І өңірлік жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

    Химия және биология пәндерін тереңдетіп оқуға қызығушылықты арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мақсатында 2022 жылғы 28-29 сәуір аралығында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы 7-8 сыныптар арасында химия және биология пәндерінен І өңірлік жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.

    Олимпиада 2 турда өтті: теориялық және практикалық. Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Ақмола облысы, Қостанай және Нұр-Сұлтан командалары осы пәндер бойынша өз білімдерін көрсетті.

    Қостанай облысынан биология пәні бойынша 4 оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдегі ірі мұнай компаниясы – Exxon Mobil компаниясынан бағалы сыйлықтар алды.

    Автордың ТАӘ

    Өңір, оқу орнының атауы

    Сынып

    Орын

    1

    Шефер Диана

    Қостанай қ., М. Қозыбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп

    8

    3

    2

    Красильников Илья

    Дарынды балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты

    8

    грамота

    Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!