«Дарынды оқушыларды биология пәнінен олимпиадаларға дайындау» облыстық вебинары

     

      

    2021 жылдың 26 наурызында «Дарынды оқушыларды биология пәнінен олимпиадаларға дайындау» атты облыстық вебинары өтті. Олимпиадаға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесін директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары, Лисаков қаласы мектеп-лицейінің педагог-зерттеушісі Татарская Елена Вячеславовна ұсынды.

    Елена Вячеславовна оқушыларды биология бойынша олимпиадаға дайындық кезеңдері жайлы толық  айтып берді. Ол кез-келген пәндік олимпиадаға дайындық кезінде қолдануға болатын дайындық жоспарын ұсынды, әр кезеңде егжей-тегжейлі тоқтады.

    Оқушыларды іріктеу кезеңінде Елена Вячеславовна оқушылардың қызығушылықтарын анықтауға және сол арқылы тақырыпқа құмар балаларды таңдауға мүмкіндік беретін әр түрлі әдістерді қолданады. Пәнге деген қызығушылық - оқушылардың болашақ жеңістерінің критерийлерінің бірі. Педагогтерге, вебинар қатысушыларына Елена Вячеславовна оқушыларды олимпиадаларға дайындау кезінде қолданатын тапсырмалар топтамасы ұсынылды. Тапсырмалар қызықты, әр түрлі, вебинар қатысушылары да ерекше көңіл аударды.

    Сонымен қатар, спикер олимпиадаларға дайындықтың психологиялық жағына да назар аударды, өйткені әр бала тек білімге ие болып қана қоймай, психологиялық тұрғыдан жеңілістерге де, жеңістерге де дайын болуы керек.

    Вебинар жұмысына облыстың 10 өңірінен 39 білім беру ұйымдарының, білім бөлімдерінің 65 педагогтері мен әдіскерлері қатысты.

    Вебинар материалдары «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтында, видео - арнасында орналастырылады.