Математика мұғалімдеріне арналған оқыту семинары
Олимпиадаларға қатысу абстрактілі және логикалық ойлауды, интеллектуалды қабілеттерді дамыту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерді және басқа да дағдыларды жетілдіруге ықпал етеді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі қарсаңында 2022 жылғы 4 қазанда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы аудандық/қалалық кезеңдердің қазылар алқасының құрамына кіретін шығармашылық бастамашыл топтардың мұғалімдері үшін «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешу» атты оқыту семинарын өткізді. Семинарға облыстың 14 ауданынан және 4 қаласынан 18 педагог қатысты.
Семинар жаттықтырушысы Динара Шакировна Клышева, Қостанай қаласының білім бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, семинарға қатысушылармен бірге республикалық олимпиада тапсырмалары мен күрделілігі жоғары есептердің мысалдарын қарастырды.
Барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.