Математика мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

    Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды қолдау мақсатында 2022 жылғы 22 сәуірде математика мұғалімдеріре арналған «Комбинаторлық есептерді шешу»  тақырыбы бойынша оқыту семинарлары өткізілді.

    «Қостанай қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімдері Ж.Р. Хамитбеков, Ж.А. Маженова, С.А. Козловский, М.М. Мусабекова тыңдаушылармен бірге жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңдерінен алынған тапсырмалардың мысалдарын қарастырып, шешу жолдарын талқылады, сондай-ақ қатысушыларға олимпиадалық есептерді шешу бойынша әдістемелік әдебиеттер ұсынылды.

    Мұғалімдерге жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс айтамыз!