2023 жылғы 01 қарашада «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің мұғалімдеріне арналған «Математика пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешу» атты оқыту семинарын өткізді. Семинарға облыстың 14 ауданынан және 3 қаласынан 17 педагог қатысты.

Семинардың жаттықтырушысы «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ математика пәнінің мұғалімі Жандаулетова Раушан Құрманғалиқызы қатысушылармен бірге республикалық олимпиада тапсырмаларынан мысалдар қарастырып, күрделі есептердің шешу жолдарын талдады.

Барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.