Республикалық олимпиаданың және Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері марапатталды

    Бүгін, 2024 жылғы 5 маусымда Қалалық балалар шығармашылығы мектебінің конференц-залында Президенттік олимпиаданың, Республикалық олимпиаданың және Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

    68 оқушы 13 алтын, 23 күміс және 32 қола медаль жеңіп алып, олимпиада және жоба конкурстарының жүлдегерлері атанды.

    Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалаларының, Амангелді, Әулиекөл, Жангелдин, Денисов, Қарабалық, Қостанай, Бейімбет Майлин аудандары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Ж. Сюндикованың қолынан марапаттар алды.

    Биылғы жылы ауылдық жерлерде білім алып жүрген оқушылар ауыл мектептерінің оқушыларына арналып алғаш рет өткізілген Республикалық олимпиадада әр түрлі дережедегі 13 медаль жеңіп алып, жетістіктерімен қуанды.

    Қостанай облысының олимпиадалық командасы Қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша республикалық олимпиадада 1 жалпыкомандалық орынды жеңіп алды.

    Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық оқушылар олимпиадасының қорытындысы бойынша республиканың үздік мектептерінің жыл сайынғы рейтингісіне Қостанай облысының 6 мектебі кірді: Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейі, Рудный қаласының №5 гимназиясы, Қостанай қаласының М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі, Рудный қаласының № 2 гимназиясы.

    Олимпиадалар мен жобалар конкурсының жүлдегерлері 100 000, 75 000 және 50 000 теңге ақшалай сыйлық сертификаттарының иегерлері атанды. Олимпиадалар мен жобалар байқауының жүлдегерлерін дайындаған ұстаздарға Қостанай облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды.

    Барлық оқушылар мен ұстаздарды лайықты марапаттарымен және жаздың басталуымен құттықтаймыз! Жазғы демалыс күш-қуат сыйлап, жаңа жеңістер мен жетістіктерге жол ашсын!