28 ноября 2023 года прошел 2 (областной) этап Республиканской олимпиады по лингвистике. Это второй отборочный этап, который позволит выявить сильнейших учащихся 8-11 классов для участия в Международной олимпиаде по лингвистике.
2023 жылдың 28 қарашасында Лингвистикадан республикалық олимпиаданың 2-кезеңі (облыстық) өтті. Бұл Лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін 8-11 сыныптардың ең мықты оқушыларын анықтауға мүмкіндік беретін екінші іріктеу кезеңі болды.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық/қалалық кезеңдерде ең жоғары балл көрсеткен және білім бөлімдері ұсынған 29 оқушы қатысты.
Қатысушылар 3 сағат ішінде 3 тапсырманы шешуі керек болды. 2 турдың тапсырмаларын шешудегі ең жоғары балл 120 баллды құрады.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің тапсырмалары бірнеше тілді білуге негізделген. Бірінші тапсырманы шешу үшін вурес тілін білу қажет болды; екіншісі үшін – уамбес тілі; үшінші тапсырма үшін – мбунда тілі.
Вурес тілі австронезиялық тілдер отбасының оңтүстік мұхит тілдеріне жатады. Ол тілде Тынық мұхиты мемлекеті аралдарының бірі Вануатудың Вануа-Лава аралының оңтүстігінде шамамен 2 мың адам сөйлейді.
Уамбес тілі авар тілдері отбасына жатады. Бұл тілде Перудің солтүстігіндегі Морона мен Сантьяго өзендерінің бойындағы таулы Анд джунглиінде шамамен 9 мың адам сөйлейді.
Мбунда тілі Атлант-Конго отбасының банту тобына жатады. Ол тілде Ангола мен Замбияда шамамен 218 мың адам сөйлейді.
2-кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 11 жүлдегер анықталды. Олар «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталады, барлық қатысушылар сертификаттар алды.
№ |
Тегі, аты |
сынып |
өңір |
мектеп |
орын |
1 |
Дуйсеков Даниил |
11 |
Арқалық қ. |
Ы.Алтынсарин атындағы гимназия |
1 |
2 |
Ахметова Асия |
11 |
Қостанай ауд. |
Мичурин жалпы білім беретін мектебі |
2 |
3 |
Сливко Сергей |
11 |
Қостанай қ. |
Физика-математикалық лицей |
2 |
4 |
Жунусов Александр |
11 |
Әулиекөл |
С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы |
3 |
5 |
Костыря Мария |
10 |
Рудный қ. |
№5 гимназия |
3 |
6 |
Джесов Ян |
11 |
Денисов |
Денисов жалпы білім беретін мектебі |
3 |
7 |
Лыжина Виолетта |
11 |
Денисов |
Қырым жалпы білім беретін мектебі |
3 |
8 |
Тургумбаев Кирилл |
9 |
Жітіқара |
Абай атындағы мектеп-лицей |
3 |
9 |
Малянин Даниил |
11 |
Қостанай қ. |
М.Горький атындағы гимназия |
3 |
10 |
Кучер Екатерина |
10 |
Рудный қ. |
№ 1 жалпы білім беретін мектеп |
3 |
11 |
Жангельдинова Камила |
11 |
Қостанай қ. |
Физика-математикалық лицей |
3 |
Олимпиаданың қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында өтеді. Оған облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 2 оқушы қатысады: Дуйсеков Даниил және Ахметова Асия.