«Полиглот» қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2024 жылдың 25-26 сәуірінде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Полиглот» қашықтық олимпиадасының ІІ туры өтті.

    Олимпиаданың 1 турына 3261 адам қатысты, ауылдық өңірлер арасынан 1803 адам (немесе 55,3 %) қатысты. Олимпиаданың 2 турына 2725 оқушы жіберілді, 1998 қатысушы қатысты, оның ішінде ауылдық өңірлерден – 1128 адам (немесе 56,5 %).

    2 турдың қорытындысы бойынша 5 сынып оқушылары олимпиада тапсырмаларын 71,1 %-ға, ал 6 сынып оқушылары 80,6 %-ға орындады. 5 сынып оқушылары арасындағы орташа балл 46,2 (65-дан мүмкін), 6 сынып оқушылары арасында 52,4 балл (65-дан мүмкін) болды.

    Олимпиада жүлдегерлері 330 оқушы болды, оның 25-і бірінші, 105-сі екінші, 200-і үшінші орын алды.

    Өңірлер арасында Рудный қаласының (42,6 % сапа) және Қамысты ауданының (58,8 %) оқушылары тапсырмаларды жақсы орындады.

    Барлық жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.

     

    ИТОГИ