2023 жылдың 13-14 қарашасында 7-10 сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3985 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен – 2401 қатысушы (немесе 60,3 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қаласы (674 оқушы), Рудный қаласы (438 оқушы) және Қостанай ауданы (311 оқушы) болды. Оқушылар арасында ең белсенділері – 7 сынып оқушылары болды (1077 қатысушы).
265 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 9 оқушы І орын, 102 оқушы ІІ және 154 оқушы ІІІ орын алды. Өңірлер арасында Науырзым ауданы (36 %) және Рудный қ. (11 %) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары дайындалатын болады.