География пәнінен қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2022 жылдың 17-18 қазанында 7-10 сынып оқушыларына арналған географиядан облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 783 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1546 қатысушы (немесе 55,6 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қаласы (532 оқушы), Жітіқара ауданы (338 оқушы) және Арқалық қаласы (277 оқушы) болды. Олимпиадаға Алтынсарин, Амангелді аудандарының және «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысқан жоқ

    Жалпы 450 оқушы олимпиада жүлдегерлері  атанды, оның 34-і 1-орын, 167-сі екінші және 249-ы үшінші орын алды. Өңірлер арасында Меңдіқара (75,5 %), Қостанай қ. (28,2) және Қостанай аудандарының (26,3%) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.

     

    ИТОГИ