Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың I (мектепішілік) кезеңі қарсаңында 2023 жылғы 13 қазанда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы мұғалімдерге арналған «Математика пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешу» оқыту семинарын өткізді. Семинарға облыстың 15 ауданынан және 4 қаласынан 20 педагог қатысты.

Семинардың жаттықтырушысы, Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Горький атындағы гимназиясы математика пәнінің мұғалімі Клышева Динара Шакировна, қатысушылармен бірге республикалық олимпиада тапсырмалары мысалдары мен күрделілігі жоғары есептерді қарап, талдады.

Барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.