Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2022 жылғы 22-23 қыркүйекте дәстүрлі 7-10 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3 047 оқушы қатысты. Өңірлердің арасында Қостанай қаласы (979 оқушы), Рудный қаласы (282 оқушы), Қостанай ауданы (262 оқушы) олимпиадада белсенділік танытты. Оқушылар арасында 7 сыныптар (938 қатысушы) белсенді қатысты.

    1244 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 289-ы 1 – орын, 361-і екінші және 593-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Науырзым ауданының (60 % сапа) және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті (56 % сапа).

    Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.

    ИТОГИ