«Золотое руно» халықаралық ойын конкурсының қорытындысы
2020 жылғы 13 және 19 сәуір күні Республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушыларды әлемдік және қоғамдық мәдениетінің тарихына баулу, оқушыларды білім көздерімен дербес жұмыс жасауға ниеттендіру мақсатында алғаш рет онлайн режимде әлемдік мәдениет тарихы бойынша «Золотое руно» халықаралық конкурсын өткізді.
Конкурс тақырыбы: «Эрмитаж». Конкурсқа еліміздің әр өңірінен қазақ және орыс тілдерінде оқитын, республиканың білім беретін ұйымдарынан 65 000 астам 1-11 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс қатысушылары үшін тапсырмалардың бес нұсқасы дайындалған болатын. 1-2 сынып оқушылары үшін 30 сұрақтан, басқа жас топтарындағы қатысушылары үшін – 45 сұрақтан тұратын тапсырмалар нұсқасы дайындалды.
Қостанай облысының әр өңірінің білім беру ұйымдарынан 5 418 оқушы конкурсқа қатысты, оның ішінде 2412 - 1-4 сынып оқушылары, 1959 – 5-8 сынып және 1047 – 9-11 сынып оқушылары.
3541 оқушы конкурс жүлдегері атанды, оның ішінде 561 оқушы І дәрежелі дипломмен, 1336 – ІІ дәрежелі және 1644 – ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.