«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

    Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 20 қазанда «Қостанай дарыны» ӨОӘО  «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

    Байқаудың мақсаты – отбасының тегінің тарихын сақтауға және зерттеуге қызығушылықты ояту, отбасында да, әлеуметтік қоғамдастықта да өзара түсіністікке қол жеткізуге ықпал ету.

    Конкурстың қазылар алқасының құрамына ғалымдар, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері кірді.

    Байқаудың облыстық кезеңіне облыстың 12 өңірінен 17 оқушы қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталды.

    р/с

    Қатысушының ТАӘ

    Өңір, мектеп

    Сынып

    Орын

    1

    Ғабдолла Әлихан

    Рудный қаласы, № 15 жалпы білім беретін мектеп

    9

    І

    2

    Муратбекова Дильназ

    Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат

    6

    ІІ

    3

    Уразалинов Жалгас

    Жітіқара ауданы, № 3 мектеп-лицей

    7

    ІІ

    4

    Бердыгулов Тамерлан

    Қарабалық ауданы, Есенкөл жалпы білім беретін мектебі

        5 

    ІІІ

    5

    Тлеукенов Азат

    Қамысты ауданы, Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі

    9

    ІІІ

    Облыстық кезеңнің жеңімпазы біздің облыстың атынан конкурстың республикалық кезеңіне қатысады.