3-10 сынып оқушыларына арналған А. Байтұрсыновтың шығармашылығы бойынша облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

      

     

     

    2022 жылдың 14-15 ақпанында А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлы мұра» атты облыстық марафоны аясында 3-10 сынып оқушыларына арналған облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиаданың тапсырмалары ағартушының өмірі туралы өмірбаяндық мәліметтерді білуге ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылығы мен шығармаларын білуге де қатысты. Олимпиаданың тапсырмалары күрделілік деңгейі бойынша да, жауап форматы бойынша да әртүрлі болды: бір және бірнеше жауаппен, сәйкестікке және бейне сұрауларға және т.б.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 3 350 оқушы, оның ішінде 2 592 (77,4 %) ауыл мектептерінен қатысты. Бұл олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 3-4 сынып оқушылары-1 110 оқушы, ал өңірлер арасында - Рудный қаласы (310 қатысушы), Қостанай (288) және Жангелді (284) аудандары болды.

    Олимпиада тапсырмаларын 1 104 қатысушы сәтті орындап шықты. Оның ішінде 206 оқушы 1 орын, 444 оқушы 2 орын және 454 оқушы 3 орын алды. А. Байтұрсынов шығармашылығының білгірлері 5-6 сынып оқушылары болды, олар 462 жүлделі орындарға ие болды.

    Өңірлер арасында Алтынсарин (50% сапа) және Қамысты (50%) аудандарының оқушылары А.Байтұрсыновтың өмірбаяны мен шығармашылығын жақсы білетіндігін атап өтуге болады. Олимпиада тапсырмаларын мамандандырылған білім беру ұйымдары да: Ы.Алтынсарин (64% сапа) және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты жақсы орындады.

    Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификат алды, ал жүлдегерлерге диплом берілетін болады.

     

    ИТОГИ