5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

Дата:
05.03.2024

2024 жылғы 4 наурызда 8 жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті: математика; жаратылыстану; қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі; қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі; ағылшын тілі; Қазақстан тарихы.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыруы үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмыс шеңберінде ерте бастан бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.

Олимпиадаға барлық өңірлерден және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 212 оқушы қатысты. Қатысушылар қиындығы 3 деңгейлі 30 тест тапсырмасына жауап беру керек болды.

98 оқушы облыстық кезеңнің жүлдегерлері атанды, олардың 17-сі – І орын, 34-і – ІІ орын және 47-сі – ІІІ орын алды.

Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттар, ал жүлдегерлер – «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарын алады.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің облыстың атынан республикалық кезеңге қатысатын команда жасақталады.

 

 

ИТОГИ

Оставить комментарий