11 сынып оқушылары арасындағы ХV Президенттік олимпиадасы аяқталды
2022 жылғы 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклі пәндерінен ХV Президенттік олимпиада өтті.
Республиканың барлық мектептерінен 192 оқушы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысып, 2 іріктеу кезеңінен өтті. Екі күн бойы оқушылар 4 пән бойынша тапсырмаларды шешті: 1-ші күні - математика және химия, 2-ші күні - физика және биология.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қостанай, Рудный қалалары мен Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 6 қостанайлық оқушы өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары 3 медаль: Сергей Трефилов «Күміс» (Қостанай қ.физика-математикалық лицейі), Айдар Абджанов«Күміс»(Қостанай қ. М.Горький атындағы гимназиясы),Федор Погоров «Қола» (№10 мектеп-гимназия, Рудный қаласы)жеңіп алды.
Сонымен қатар, олимпиада жүлдегерлеріне еліміздің жоғары оқу орындарына гранттарға сертификаттар табысталды.
Трефилов Сергей Қ. Жұбановатындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқуға, Абджанов Айдар мен Погоров ФедорТорайғыров университетінде оқуға грант алды.