Экономикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі базасында экономикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиада Экономикадан халықаралық олимпиадаға іріктеу мақсатында өткізіліп отыр. Облыстық кезең экономика бойынша ағылшын тіліндегі тест сұрақтарын қамтыды. Кезеңге бастапқы кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 2 оқушы қатысты: Қостанай қ. М.Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебінің оқушысыАйтмағанбет Нұрасыл (36 балл) және Рудный қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Карев Егор (29 балл).
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Карев Егор олимпиаданың келесі кезеңіне өтті. Ол а.ж. 2 мамырда өтеді.
Олимпиаданың 2 кезеңінің қорытынды хаттамасы: https://drive.google.com/file/d/1vY6MeMz5gCNSOV97eHoyfDVohxOGmqhW/view
Қостанай қаласының ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына олимпиаданы ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреміз.