ИТОГИ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ОЛИМПИАДЫ ДЛЯ УЧИТЕЛЕЙ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «АЛТЫН ТҰҒЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫКЛАССОВ «АЛТЫН ТҰҒЫР» [ожидает перевода]

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» білім беру орталығымен бірлесіп 2023 жылғы 5-6 қаңтарда Астана қаласындағы №92 мектеп-лицейінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын өткізді.

    Олимпиада жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдауға, математикадан олимпиадалық есептерді шешуде мұғалімдердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

    Олимпиадаға 159 педагог қатысты, оның ішінде біздің облысымыздан 8 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

    Олимпиада қорытындысы бойынша «Науырзым ауданы білім бөлімінің Науырзым жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Жаңыл Серікбайқызы Қарымсақова II орын алды және ерекше жетістіктері үшін «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі Оксана Юрьевна Нагноенко грамотамен марапатталды.  

    Құттықтаймыз!