«Qabilet» қызметі Алтынсарин ауданының 8-11 жас аралығындағы балалар қабілетінің диагностикасын өткізді

    «Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың 12 наурызында Алтынсарин ауданының 8-11 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебі» КММ мен «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ - нен 46 оқушы қатысты, оның ішінде 3 оқушы диагностиканың 2 кезеңіне өтті.

    «Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды.

    8-11 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді. Байланыс орталығының нөмірі 8 727 310 02 58 (қоңырау шалу тегін).