Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасына қатысушылар мен мұғалімдерді тіркеу туралы ақпарат

    Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы бес жыл қатарынан өткізілуде. Бұл ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін қолдауға бағытталған ұлттық ауқымдағы жоба.

    Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқитын 6 сынып оқушылары «Мың бала» олимпиадасына қатысуға шақырылады. 

    Олимпиадаға қатысу үшін оқушылар 2024 жылдың 10 ақпаны мен 10 наурызы аралығында https://1000bala.elumiti.kz сайтына тіркелуі керек.

    Мұғалімдерді тіркеу 2024 жылдың 01 ақпанынан 10 наурызына дейін https://1000bala.elumiti.kz сайтында жүргізіледі.

    Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған мынадай бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:

    «Математикалық сауаттылық»;

    1. «Қазақ тілі», қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін;
    2. «Орыс тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін;
    3. «Ағылшын тілі»;
    4. «Жаратылыстану».

    Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең 2024 жылғы 22 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін https://1000bala.elumiti.kz сайтында прокторинг сервисін қолдану арқылы online режимінде жоспарланған.

    1 кезеңнің нәтижелері бойынша 5000 жеңімпаз «Ustudy» өңірлік тестілеу орталықтарының аумағында күндізгі форматта өткізілетін екінші кезеңге жіберіледі.