«Менің кіші Отаным» V жас тарихшылар республикалық зияткерлік конкурсы
2022 жылғы 3-5 қараша аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар V республикалық зияткерлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: туған елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру және өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімін ояту.
Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 9-10 сыныптардың 92 оқушысы, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Бөбек» орталығының командалары үздік атануға таласты.
Қостанай облысының намысын байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қорғады: Мырзатай Айым (Арқалық қ., Ы.Алтынсарин атындағы гимназия «Менің Отанымның болашағы» номинациясы), Кусалина Луара (Қостанай қ., М. Қозыбаев атындағы № 23 ЖББМ «Кіші Отанның символы» номинациясы), Асалканова Жұлдыз («Озат» МАТМЛИ, «Менің кіші отанымның тарихы» номинациясы), Полишук Мария (Сарыкөл ауданының Урицкий мектеп-лицейі, «Менің туған өлкем» номинациясы).
Конкурс қорытындысы бойынша Мария Полишук ІІІ орынды иеленді, ал Жұлдыз Асалканова «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.