М. Әбділдин атындағы «Адам», «Жер», «Ғалам» атты Республикалық оқушылар турнирі

     

      

     

    2021 жылдың 03-08 қазаны аралығында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты оқушыларының командасы М.Әбділдин атындағы «Адам, Жер, Ғалам» атты Республикалық турниріне қатысты.

    Турнир Алматы қаласындағы «Бөбек» ҰҒПББСО-ның базасында өтті.

    Конурстың мақсаты оқушылардың ғарыштық білімін дамыту және дарынды балаларды қолдау, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға деген қызығушылығын арттыру, факультативтердің, ғарыштық бағыттағы үйірмелердің жұмысын жандандыру, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімді зерттеу және практикада қолдану, дарынды оқушыларды анықтау, мамандық таңдауда көмек көрсету болып табылады.

    Турнир қорытындысы бойынша тек қыздардан тұратын біздің командамыз (ДощановаТомирис, Сулейменова Тэмила, Карымсакова Алия, КенжебекАқтоты, Фролова Виолетта) «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатыныңорта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Жахонгир Абдразакович Гаппаровтың басшылығымен II орын алды!

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс тілейміз!